00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада ерекше балалар арасында вокалды-аспаптық байқау өтті 

02.02.2024 | 11:15
66
Фото: Сұлтан Сейіт

Байқаудың мақсат-міндеттері – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың  вокалды-аспаптық орындаушылыққа қызығушылығын дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу, ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында вокалдық және аспаптық өнерді танымал ету және насихаттау және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.

Жеке орындаушылар арасында байқау кіші, орта, жоғары топтарға  бөлінді. Атап айтқанда, 7-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас, 14-15 жас. Әр орындаушы бір шығармадан орындады.

e7a89f3c-52ce-481f-a672-4250112c7991.jpg

Байқауға №2 арнайы мектеп басшысы, оқу орталығының сараптамалық комиссия мүшесі, педагог-зерттеуші Құралай Қожамқұлова, №1 арнайы мектебінің музыка пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Айман Ибраева, №3 арнайы мектебінің музыка пәні мұғалімі, педагог-модератор Сәтжол Канибал қазылық етті.  

 Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Барлық жаңалықтар