00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада екі көшеде жөндеу жұмыстары басталды

21.07.2023 | 07:30
38

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Айнакөл мен Уәлиханов көшелерінде жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

М.Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі бөліктегі Айнакөл көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 21-22 шілде аралығында көлік қозғалысы толығымен шектеледі, - делінген басқарма хабарламасында.

Сол сияқты 21-23 шілде аралығында Иманов көшесінен Кенесары көшесі аралығындағы Уәлиханов көшесінде жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар