00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада биыл 3 мыңнан астам үлескер баспана кілтін алады

27.11.2023 | 06:55
46
Фото: дереккөз

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлады Elorda.info

Кездесуде көтерілетін мәселелердің бір бөлігі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына қатысты. Тұрғын үй мәселесі жөнінде біз бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргіземіз: құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй салу, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу.

Мәселен, кезекте тұрғандар арасында түрлі санаттар бойынша 1,4 мың отбасы баспаналы болды. Сол сияқты жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандардың 3 мың 600 үлескері баспана кілтін алады. «Elorda Zhastary» жеңілдетілген жастар тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1,9 млрд теңгеге 112 займ берілді, - деп жазды Ж.Қасымбек.

Елорда әкімі апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және тұрғындарға жаңа тұрғын үй беру ісін есепке алғанда, тұрғын үй қорын жаңарту белсенді жүріп жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта 2029 жылға дейін бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 4 710 пәтері бар 206 апатты үй енгізілді.

Барлық жаңалықтар