00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

Астанада БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды

Астанада БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Елорда күніне орай БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланымдар, репортаждар мен елорданың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталды. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауға сегіз номинация кіреді, олардың әрқайсысында үш жүлделі орын бар. Осылайша 24 жеңімпаз анықталады. Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі осы жұмада, 28 маусымда елордада өтеді.

Байқауға 2024 жылдың 1 маусымы мен 23 маусымы аралығында жарияланған материалдар қатыстырылды.

Жеңімпаздар жүлде ретінде миллион теңге, екінші орын иегерлері – 500 мың теңге, үшінші орын иегерлері – 300 мың теңге алады.

Барлық жаңалықтар