00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада автобус картасының төлемін белсендіру мерзімі ұзартылды

01.02.2024 | 09:27
57
Фото: дереккөзден

Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді. Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетке  қойып, 2-3 секунд ұстап тұру керек. 

Төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескерген жөн, - деді CTS компаниясының баспасөз қызметі. 

30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, төлем жүйемен бұғатталады. Оны қайта іске қосу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына, 109 нөміріне хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар