00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада қар тазалауға 1 200-ге жуық арнайы техника шықты

11.03.2024 | 07:43
67
Фото: дереккөз

11 наурыз күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңнан астам жұмысшы мен 1 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

10 наурыздан 11 наурызға қараған түні қаладан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1,3 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері полигондарға 452,5 мыңнан астам жүк көлігі, яғни 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.

Елордада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар