00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы шықты

14.03.2024 | 07:08
66
Фото: дереккөз

13 наурыздан 14 наурызға қараған түні елордадан 1 500-ге жуық ауыр жүк, яғни 20 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері полигондарға барлығы 462,7 мың жүк көлігінің көлеміне тең 6,26 млн текше метр қар жеткізілді.

Қалада қар тазалау тәулік бойы жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау сұралады.

Барлық жаңалықтар