00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада қар күреуге 2,5 мыңнан астам жұмысшы шықты

12.03.2024 | 09:43
62
Фото: Оңалхан Өнерхан

12 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,1 мыңнан астам арнайы техника мен 2,5 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.

11 наурыздан 12 наурызға қараған түні қаладан 1,2 мың рейс, 17 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қыс басынан бері полигондарға 456 мың ауыр жүк көлеміне тең 6,17 млн текше метр қар жеткізілді.

Айта кету керек, соңғы күндері елордада жаңбыр аралас қар көп жауды. Қалада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтау сұралады.

Барлық жаңалықтар