00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының таныстырылымы өтті

14.04.2024 | 18:36
100
Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының таныстырылымы өтті
Фото: дереккөз

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегері, жас қаламгер Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, ҚР Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әдеби кештің модераторлары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан болды.

Елімізде қазақ әдебиетіне, ұлт әдебиетіне жаны ашитын кәсіпкер азаматтар бар. Солар үш романға қаржы бөліп, талантты жазушыларға жағдай жасады. Соның бірі – жазушы Қанат Әбілқайыр. Ол тарихи тақырыптарды жазды.

«Ағыраптағы аты жоқ адам» романында адамның сезімін қозғалысқа келтіретін элементтер бар. Жазушының әңгімешіл шеберлігіне риза болдым, - дейді сыншы Амангелді Кеңшілікұлы.

Ал кітап авторы ағырап сөзіне тоқталып кетті.

Көп адам «Ағырап деген не?» деп сұрап жатыр. Дінде жұмақ пен тозақ деген ұғым бар. Ислам дінінде жұмақ пен тозақтың ортасында бір мекен болады. Ол жерде жақсылығы мен жамандығы тең түскен, яғни жұмаққа да, тозаққа да жіберуге келмейтін адамдар қалады деген түсінік бар. Осыған қатысты Ағырап деген сүре де бар. Шығармада оқиға Ағырап деген қалада өтеді, - дейді жазушы Қанат Әбілқайыр.

Барлық жаңалықтар