00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада №70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің есімі берілді

04.01.2024 | 09:30
75
фото: дереккөзден

Соған байланысты білім ордасында «Ұлтым деп соққан жүрегі» атты салтанатты шара өтті. Оған елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәжіліс депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары қатысты.

Салтанатты шара кемеңгер тұлғаға арналған ескерткіш баральефтің ашылуымен басталды.

0.jpg

Ескерткіш баральефті репрессия құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалау кеңсесінің басшысы, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов ашты.

Сондай-ақ, қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Темірбек Жүргеновтің өміріне шолу жасаған белгілі жазушы, кинодраматург Айгүл Кемелбаева парасатты ойымен бөлісіп, мектеп қорына көркем фильмге негіздеп жазған сценарийі енгізілген кітапты тарту етті.

2.jpg

Барлық жаңалықтар