00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

22.05.2023 | 11:00
52

Алматы ауданындағы К.Әзірбаев көшесі, 10, 12 және 14 үйінің жанында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.

Онда ойын алаңдары, ойын және демалыс аймақтары, футбол алаңы, әткеншектері бар шатырлар, орындықтар, сондай-ақ арнайы жабын орналасқан.

Сонымен қатар, бүкіл абаттандырылған аумақта жаңа жарықтандыру пайда болды және 100-ге жуық түрлі ағаштар отырғызылды: жөке, тал, сирень және басқалар.

Біз үшін тұрғындардың үйінің жанында абаттандырылған саябақ немесе алаң болуы өте маңызды. Биыл тағы 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс көп, бірақ біз бәрін орындаймыз! – деді аудан әкімі Мақсат Саматұлы.

Естеріңізге сала кетейік, аудан аумағында 6 саябақ, 30 сквер және 36 қоғамдық кеңістік бар. Бүгінде олардың жалпы ауданы 60 гектарға жетті.

Барлық жаңалықтар