00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алматы ауданында бокс алаңы ашылады

01.07.2023 | 15:01
55
Фото: Elorda.info

Бүгін «Достық үйінде» Астана қаласының Алматы ауданы әкімі Мақсат Саматұлы БАҚ қызметкерлерімен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Мақсат Саматұлы Алматы ауданында азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыратын көптеген табысты жобалар іске асып жатқанын айта келе жаңа қоғамдық кеңістіктерді салуды және ауданның инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатқандарын айтты. Оның айтуынша, осы жылы ауданымызда 5 қоғамдық кеңістікті құру жоспарланған, оның 2-уі халыққа тапсырылып үлгерсе, қалғаны қала күнінде пайдалануға берілмек. Тағы бір жаңалық, жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында ашық аспан астындағы треатлон саябағында бұрын-соңды қалада болмаған бокс алаңы ұйымдастырылып жатыр.  

алматы.jpg

-Тұрғындардың басты мәселелері - жарықтандыру, тазалық, көгалдандыру. Соған сәйкес, биыл 60-тан астам абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 8-і халыққа пайдалануға берілді. Осы орайда айта кетейін, абаттандыру жұмыстары алдында арнайы Үкіметтің бағдарламасы бойынша  халықпен кеңесіліп барып жүзеге асады. Тұрғындар қай жерге не жетіспейтіні, не салу керек екенін көрсетіп, ұсыныстарын айтады, - деді Мақсат Саматұлы. 

Сонымен қатар, Алматы ауданы әкімі аппаратының мәліметінше,  жастармен жұмыс жасайтын басқарма балансындағы аула клубтары бүкіл балаларды тегін оқытады. Егер жекеменшік серіктестік қызмет ұсынса, онда бұл 50/50 негізінде жүзеге аспақ. Яғни, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары бірінші кезекте тегін  қызмет түрлерін пайдалана алады. 

Кездесу барысында журналистер Таскескен тұрғын үй кешені маңына балалар алаңын салу, тұрғын үй кешендері аулаларын жаңарту мәселесі, үйдің қасбеттерін жөндеу, су, газ, көше жарнамалары туралы сауалдар қойып, оған Алматы ауданы әкімінен тұщымды жауап алды. 

Барлық жаңалықтар