00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алматы ауданында ашық есік күні өтеді

30.06.2023 | 11:30
68

1 шілде күні сағат 16:00-де Алматы ауданының тұрғындарын қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтарды қабылдауға Астана қаласының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, коммуналдық кәсіпорындар мен заң ұйымдарының өкілдері қатысады. Қабылдау барысында сіз өз сұрақтарыңызға жауап алып, құзіретті мамандардан кеңес ала аласыз, - делінген хабарламада.

Өтетін орны: Т.Жүргенов көшесі, 29, №74 мектеп-гимназиясы.

Қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша келесі байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар: 8 (7172) 55-18-37.

Барлық жаңалықтар