00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қаллеки театрында «Шәмші» спектаклі сахналанды

29.02.2024 | 04:18
48

Қойылымды тамашалауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.

Палата спикері өз сөзінде Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, отансүйгіштік пен асқақ рухтың үлгісі екенін атап өтті.

Көрнекті композитордың шығармалары ешқашан ескірмейді және қазақ халқының рухани өмірі мен мәдениетінің төрінен орын алады. Шәмшінің туындылары әр буынның өкілдеріне кеңінен танымал.

Мәулен Әшімбаев өнер ұжымына ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттап, композитордың шығармашылығын дәріптегені үшін алғысын білдірді.

bc059ceda2f844c0bfb0e365ff7dbcb2.jpg

«Шәмші» элегиясының авторы – белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы. Ол ұлы композитордың жұмбақ әлеміне үңіліп, жан дүниесінің нәзік қырларын шығармасына арқау етті. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Ұзақов.

Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей» және басқа шығармалары орындалды.

Барлық жаңалықтар