00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ядролық медицина орталығында 2 мыңнан астам адамға диагностика жасалды

12.04.2024 | 20:02
53
Ядролық медицина орталығында  2 мыңнан астам адамға диагностика жасалды
Фото: дереккөз

2024 жылдың 1-тоқсанында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы базасындағы Ядролық медицина орталығында 2 197 адамға диагностика жасалды. Жоғары технологиялық ПЭТ/КТ тексеріске өтініш берген пациенттердің 94%-ы тексеруден тегін өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл қызметтер пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілді.

Орталықта ПЭТ/КТ диагностика адамның барлық дене бөлігіне жасалады, ең сұраныс жоғары технология саналады. Оның кезегін күту уақыты 3 айдан асады. Біз бар мүмкіндікті пайдаланып, емделушілерді неғұрлым көбірек қабылдауға, кезек уақытын азайтуға тырысамыз, – дейді Ядролық медицина орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығы – ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізуге 6 радиофармацевтикалық препаратты қолданатын Қазақстандағы жалғыз клиника. Өзіндік ерекшелігі бар препараттардың әрқайсысы белгілі бір қатерлі ауруларды диагностикалауға арналған.

Биыл Ядролық орталық ұжымы тағы 2 радиофармацевтикалық препарат өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Жаңадан шығарылатын 18F-FLT және 18F-FET препараттары мидағы әртүрлі ісік зақымдарын диагностикалауға, сондай-ақ хирургиялық және сәулелік емнің тиімділігін бағалауға бағытталған.

Барлық жаңалықтар