00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы ауданында 155 ауланы абаттандыру жоспарланған

31.03.2023 | 22:47
ҒаниАтымтай
37

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Былтырдан бастап аудан тұрғындарымен коммуникация құру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 76 жеке қабылдау (72 адам), 11 көшпелі және есептік кездесу (232 адамды қамти отырып) өткізілді, оның ішінде тұрғын алаптардың тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ аудан әкімдігі әлеуметтік желілерде 10 тікелей эфир өткізді (1000-нан астам адам қамтылған).

Ауданда 20 мыңнан астам жарықтандыру көзі орналасқан, оның ішінде биыл 9 мыңға жуық жаңа үлгідегі светодиодты шамға ауыстырылды. 4,5 мыңға жуық шам тұрғын алаптар мен шағын аудандарда ауыстырылды. 2023 жылы 1 400 светодиодты шамды ауыстыру мен орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ауданның 147 тұрғын үйдің сәндік жарықтандырылуына қызмет көрсетіледі. 2023 жылы қызмет көрсетуге 32 тұрғын объектіні қабылдап, Б.Момышұлы даңғылындағы 21 үйге жаңадан сәндік жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, – деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, аудан аумағында 465 орамішілік аула бар, оның ішінде 2022 жылы 88 аула абаттандырылды. Жұмыс барысында 400-ге жуық шағын сәулет нысаны, 300-ден астам тренажер, 8 футбол алаңы орнатылды, 17 мың м2-ге жуық тасты және 55 мың м2-ден астам жасанды жабын жабдықталды. Биыл 155 ауланы абаттандыру жоспарланған. 2022 жылы 8 қоғамдық кеңістік жабдықталды. Биыл қоғамдық кеңістіктерді жайластыру қарқынын арттырып, олардың санын 10-ға дейін арттыру жоспарда.

Ауданда барлығы 6 саябақ, 2 бульвар және 30-дан астам сквер, 200 мыңға жуық ағаш, 41 мыңнан астам бұта, шамамен 3,5 млн м2 көгал бар. 2022 жылы 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, 25 мың м2-ден астам көгал орнатылды және жөнделді. 400 мекен жай бойынша ағаш бұтақтарын санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Биыл біз 8000 ағаш отырғызу жоспарда.

Бүгінгі күні күнделікті тазалауды 700-ге жуық жол жұмысшысы және 500-ден астам техника жүзеге асырады. Ауданның 344 көшесінен (293,2 км.) 270 көшесінде (263,0 км.) асфальт жабындысы бар, асфальттанбаған 74 (30,2 км.) көше бар. Биыл ұзындығы 14,6 км-ды құрайтын 25 көшеге жөндеу жүргізілді, оның ішінде, инженерлік желілермен қоса 19 көшеге күрделі құрылыс жүргізілді. 17 көшеде инертті материал төселген (5,1 км.). Сонымен қатар аудан аумағында 442 аялдама кешені бар, оның 239-ы аппарат теңгеріміне алынған. Биыл 7 аялдама орнатылды, тағы 3 аялдама қойылатын болады. 2023 жылы 10 жылы аялдаманы іске қосу жоспарланып отыр, – деді Мақсат Саматұлы.

Әкімнің мәліметінше, газдандыру жұмыстарының алғашқы жылында (2021 жыл) Алматы ауданы аумағында газға жекеменшік үйлердің 1522-ден астамы қосылды. Биыл барлық абонент газбен қамтамасыз етілді (6 580 - 100%), олардың ішінде 4 297 үй (65,3%) газға қосылды, сонымен қатар, шағын және орта бизнестің 221 объектісі (дүкендер, дәмханалар, ТҚС), 4 әлеуметтік нысан, 4 көпқабатты тұрғын үй газға қосылды. Жұмыс барысында 29 ГРПШ орнатылып (газорегуляторлы пункт), 298 км. желі салынған (100%).

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 2013 жылдан 2020 жылға дейін 82 апатты үй бұзылып, 5 700-ден астам тұрғын қоныс аударды (Абылай хан даңғылы, 52, 54, Қобыланды батыр көшесі, 7). Өткен жылы 1 үй бұзылды (Шалкөде көшесі, 7), 2 үй 2023-2024 жылдарға арналған бұзу жоспарына енгізілген (Марков көшесі, 2 - 2023 жыл, Атамұра көшесі, 11 - 2024 жыл). Қосымша 12 үй бойынша апаттылық туралы қорытынды алынды (60%-дан астам тозу), бұл үйлер жоспарға енгізу үшін ВАК (Ведомствоаралық комиссия) қарауында.

Ауданда 172 құрылыс объектісі (150 КТК), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 143, 29-ы тоқтатылған (14 - СҮ и ТҚС, 15 - КТК). Осы тоқтатылған нысандар бойынша Жол картасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (алу, құрылысты аяқтау). Жыл басынан бері 38 КТК және 2 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 3 КТК енгізу жоспарлануда. 2022 жылы шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2021 жыл – 452 491 кв.м.), – деді аудан басшысы.

Барлық жаңалықтар