00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада өрт қауіпсіздігі бойынша 1 069 тексеру жүргізілді – Еркін Отарғалымұлы

31.03.2023 | 22:44
Елорда ақпарат
41

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 1 069 тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін 4 195 бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарға жол берілген үшін 352 адам, оның ішінде 188-і 15 млн 782 мың теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша Мемлекеттік өрт бақылау органдарының заңды талаптарын орындамаған субъектілерге қатысты Астана қаласының мамандандырылған халықаралық әкімшілік сотына 47 әкімшілік іс берілді, – деді Е.Отарғалымұлы.

Сондай-ақ бизнеске әкімшілік қысымды төмендету, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді әдістерін құру мақсатында мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, Amanat партиясының, прокуратураның және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысуымен 20 дөңгелек үстел отырысы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары бойынша 9 брифинг өткізілді.

Бақылау субъектілеріне 2 567 ақпараттық хат табысталды, жалпы 5 977 адамды қамтыған 427 жиын, 12 856 адам қатысқан 960 дәріс және түсіндірулер, жалпы 15 082 адамды қамти отырып өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша 1 109 нұсқама өткізілді, 99 өрт қауіпсіздігі  бұрышы орнатылды, – деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында өрт қауіпсіздігі саласында дайындалған халық саны 1,6 есеге артып, дайындық жүйесіне барлығы 123 мыңнан астам адам тартылған.

Барлық жаңалықтар