00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қала әкімінің орынбасары «Үміт» орталығындағы балаларды да қуантты

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
47

Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб «Үміт» дағдарыс орталығына барып, сондағы әйелдердің балаларын Жаңа жыл мерекесімен  құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады, деп хабарлады Elorda.info.

Еске салсақ, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы  қатыгездікке ұшыраған әйелдерге, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Ерлан Бекмырзаев Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Дағдарыс орталығына қатыгездікке ұшыраған 18 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және олардың кәмелет жасына толмаған балалары қабылданады.

Жыл басынынан бері орталықта 252 қызмет алушы қабылданды, оның ішінде 81 әйел мен 171 балаға қызмет көрсетіледі.

Қазіргі уақытта орталықта 55 адам тұрады, олардың 17-сі әйел болса, 38-і - балалар.

Іс-шара соңында орталық директоры Ғалихан Куканбеков орталықтың қызметі бойынша қысқаша ақпарат беріп, алғысын білдірді.

Барлық жаңалықтар