00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ерлан Бекмырзаев Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
52

Жаңа жыл – баршамыз тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Осы ғажайып мерекеде балалар үйінің бүлдіршіндерін шаттыққа бөлеп, мерекелік көтеріңкі көңіл күйге бөлеу үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, Алматы ауданы әкімінің орынбасары  Рахматулла Аблазимов «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-ге арнайы барып, ондағы балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала әкімінің орынбасары бүлдіршіндерге Жаңа жылда бақыт тілеп, оларға тәттілер тапсырды. 

Мұнда туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, некесіз туған жас аналардың балаларына, сондай-ақ, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар балаларға (Даун синдромы, церебралды сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылуы, сөйлеу дамуының кешігуі бар балаларға) кешенді медициналық көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ мекемеде дәрігер-педиатр, дірігер-реабилитолог, невропатолог, ЕДШ-нұсқаушысы, массажист, психолог-логопед, монтесорри және музыка жетекшісі балалардың үйлесімді дамуы үшін қызмет етеді.

Балаларды сауықтыру және шынықтыруға арналған бассейн, физиотерапевтік, логопедтік, сенсорлық, Монтессори және ойын терапиясы кабинеттері бар.  Емдік дене шынықтыруға арналған екі зал жұмыс істейді. Залда орналасқан өрмелеу, швед қабырғасы, құрғақ бассейн балаларға қуаныш әкеліп қана қоймай, денсаулықтарын нығайтады.

Балалар үйінде қозғалыс дағдыларын дамытудың жаңа технологиялары пайдаланылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары: вертикализаторлар, мотомедтер, тренажерлер, «Атлант» костюмдері, «Корвит» аппараты, жүргіштер, жұмсақ модульдер қолданылады.

Тәрбиеленушілердің ата-аналарын мекеменің әлеуметтік қызметі іздестіріп, барынша қолдау көрсетіп, баладан бас тартудың алдын-алу мақсатында ата-аналарға баласын мекеменің дағдарыстық бөліміне уақытша орналастыруды, кейін мүмкіндігі шектеулі балаларды мекеменің күндізгі оңалту тобына орналастыруды ұсынып, әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу үшін жан-жақты жұмыс атқарады.

Балалар үйінде тәрбиеленушілер 4 жасқа толған соң ересек балаларға арналған Сейфуллин, 67 мекен жайында орналасқан балалар үйіне, мүмкіндігі шектеулі ерекше күтімді қажет ететін балалар «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ауыстырылады.

Сондай-ақ, балалар үйінде қала тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсететін күндіз «Күнім» оңалту тобы жұмыс істейді. Бұған балалар емханалардың жолдамасы бойынша түседі. Балаларды оңалту 3 айға созылады. Балалар әр түрлі диагнозбен қабылданады. «Күнім» күндізгі оңалту тобында Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылуы, сөйлеу және психо-сөйлеу дамуының кешігуі, балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту жұмыстары жүргізіледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға қолдау көрсету, баланың отбасымен байланысын сақтау және оларды әлеуметтік бейімдеу үшін «Ботақан» күндізгі тобы да жұмыс істейді. Балалар 6 ай көлемінде таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін болады.

Барлық жаңалықтар