00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана толықтай газдандырылғанда 40 мың тонна зиянды қалдықтан арыламыз – Нұрлан Солтамбеков

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Елорданы газдандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» атты брифингте  Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Оқи отырыңыз: Биыл елордада 7695 абонент газға қосылды

2024 жылы елордада 300 мыңға жуық адам газбен қамтамасыз етілетін болады

Жалпы тұрғын үй алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға көшіру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады,- деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Нұрлан Солтамбеков Мемлекет басшысының жергілікті атқарушы органдар жүйесінде қызмет көрсетуді дебюрократияландыру туралы тапсырмасына сәйкес және халыққа газға көшуге жәрдемдесу мақсатында қандай шаралар қабылданғанын атап өтті.

Газға қосылу үшін құжаттар тізімі екі есеге, 8-ден 4-ке дейін қысқартылды. Көгілдір отынды есепке алудың тегін құралдары беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 130 АЕК шамасында ақшалай өтемақы көрсетіледі, яғни шамамен 430 мың теңге. Банктер арқылы үйді газдандыруға 1,5 жылға 750 мың теңгеге дейін бөліп төлеу және пайызсыз несие бере алады,- деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.

 

Барлық жаңалықтар