00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Астанадан бір түнде 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

31.03.2023 | 21:18
Елорда ақпарат
55

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүріп жатыр. 21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні қаладан 1 800-ден астам жүк көлігімен қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

22 желтоқсан күні таңертең елордада қар мен мұзды тазалауға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника, соның ішінде самосвалдар, тиегіштер және т.б. шықты.

21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1 800 ауыр жүк көлігіне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері қала көшелерінен 749 мың текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 61 806 рейс жасалды.

Барлық жаңалықтар