00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Бокстан Қазақстан чемпионатында астаналық арулар көш бастады

31.03.2023 | 21:11
Елорда ақпарат
30

Қостанай қаласында әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Өз салмағында мықты екенін дәлелдеп, Ұлттық құрама сапына қосылу үшін əр өңірден таңдаулы 104 былғары қолғап шеберлері қатысты. Олардың арасында биылғы Азия және Әлем чемпионаттарының, тіпті, өткен Олимпиаданың да қатысушылары мен жүлдегерлері бар.

Жалпы чемпионат аясында 92 жекпе-жек өтті. Ал ең көп боксшы 48 кг дейінгі салмақта тіркелген.

Биылғы бəсекеге халықаралық аренада бақ сынап жүрген көптеген боксшы қыздар қатысты. Ел чемпионаты аясында бас-аяғы 92 жекпе-жек өтті. Әсіресе, ең жеңіл салмақтағы, яғни, 48 келіге дейінгілер арасындағы айқастар аса тартысты өтті. Өйткені, 15 бірдей боксшы чемпиондыққа таласты,- дейді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана құрама командасының қоржынына 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.

Атап айтқанда:

1-орын – Сәния Сұлтанқызы;

1-орын – Аида Абикеева;

1-орын – Валентина Хальзова;

1-орын – Ләззәт Күнгейбаева;

2-орын –  Римма Волосенко;

3-орын – Гаусар Жаку;

1-орын – Аида Жолдасова.

Осылайша елордалық арулар командалық есепте бірінші орынға жайғасты. 

Айта кетейік, бұл чемпионат – жылдың қорытынды жарысы.

Барлық жаңалықтар