00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық прокурорлар бизнеске қатысты 2 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

31.03.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
33

Бүгін Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегеновтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі қаралды.

Отырыс жұмысына елордалық мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының басшылығы, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздері қатысты.

Биыл ғана елордалық прокуратура 2 100 бизнес субъектісіне қатысты мемлекеттік органдардың қызметінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тарту, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және заңсыз тексерулер ерекше атап өтілді.

Прокурорлар 43 қылмыстық істі, 761 әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты, 772 тексерудің алдын алды, 700 кәсіпкерге тексеру жүргізуге заңсыз құқық алынып тасталды, 43 шектеу шаралары жойылды, кәсіпкерлерге кепілдік жарналар өтелді.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту ұсынылды.

Құрметті кәсіпкерлер, егер сіз заңсыз тексерулерге, сіздің қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан өзге де қысымға тап болсаңыз, онда 71-24-45, 8-747-216-15-58 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар