00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер өзара үйлесімде жұмыс істеуі керек

31.03.2023 | 20:46
Елорда ақпарат
11

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментінің басшылығы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков пен елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсеноваға мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылы туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында орталық мемлекеттік органдар жаңа салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрды. Осыған байланысты аталған топқа енгізілетін ұсыныстар бизнес иелерінің пікірін ескере отырып әзірленуі тиіс, - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Ілияс Базилов кездесу аясында әзірленген барлық ұсыныстарды кәсіпкерлер палатасы құрастырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жіберетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тұлғалармен бірлесіп, мемлекеттік аппарат пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылы кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді айқындау үшін тоқсан сайын кездесулер өткізеді.

Барлық жаңалықтар