00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Қызжылаған» қойылымы сахналанды

31.03.2023 | 19:58
Елорда ақпарат
37

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы негізінде «Қызжылаған» қойылымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

«Қызжылаған» – Семей ядролық полигонынан мүгедек болып, өспей қалған қыз өмірі жайында көрсетілетін қойылым.

«Қанаттылар» инклюзивті театры сахналаған «Қызжылаған» қойылымы ерекше режиссерлік шешімімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, қойылымның тұсаукесеріне мәңгілік бала бейнесінің прототипі Еңлік өзі келіп қатысты.

Полигон кесірінен жарымжан болып қалған жандардың суреттері қойылған фотокөрмеден алғаш рет Еңліктің суретін көрдім. Бала бейнеде өспей қалған жасөспірім періште қыздың суреті маған үлкен әңгіме жаздырды. Ол спектакльге айналды, ол кинофильмге айналды, ол қуыршақ театрында ойналды. Егер Тәуелсіздік болмағанда бұндай жабық тақырыптарды мен жаза алмаған болар едім. Тәуелсіздіктің арқасында ашық жазып, жұртқа жеткізе алдық. Тәуелсіздігіміз мәңгі, ғұмырлы болсын. Мен өзім Еңлікті бүгін бірінші рет өмірде көріп тұрмын, айналайын ғұмыр жасың ұзақ болсын, періше қыз! - деді Роза Мұқанова.

Қойылымның режиссері – Максим Абзалбек , «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі - Арнұр Ысқақов.

Барлық жаңалықтар