00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Alem Saz» халықаралық музыка фестивалі өтеді

31.03.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
37

Астанадағы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Alem Saz» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»  мемлекеттік концерт ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ALEM SAZ» – көптеген елдің мәдениетін әртістердің керемет шығармашылық ынтымақтастығы арқылы бір платформада біріктіретін халықаралық фестиваль. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына 30 жыл толуына орай және қазақ халқының аңызға айналған әншісі және Қазақстан мен КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

«ALEM SAZ» халықаралық фестивалі бірлікке, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, тарихи мұраға және мәдениетке құрмет атмосферасын қалыптастыруға, шығармашылық үдерістегі әлемнің түрлі елдерінің құндылықтарын сақтауға бағытталған.

Фестиваль барысында шетелдік әртістердің қойылымдары, қатысушы елдердің фильмдері көрсетіледі, сәндік-қолданбалы өнер мен гастрономиялық өнімдердің көрмелері ұсынылады, шеберлік сабақтары өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Сыртқы істер, Ақпарат және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастырып отыр.

Барлық жаңалықтар