00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеуге болады

31.03.2023 | 19:33
Айман Нығмет
32

Астанада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеу функциясы іске қосылды. Жаңа мүмкіндікті автокөлік иелері қазірдің өзінде «ПарковкиАстаны» мобильдік қосымшасында және astanapark.kz сайтында пайдалана алады, деп хабарлады Elorda.info.

«Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсету, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет.Төлем сол күні сағат 23:59-ға дейін жүргізілсе, айыппұл есептелмейді», - делінген «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәліметінде.

Автотұрақтарды пайдалану үшін абонементтер де енгізілген. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көлігін тұраққа қоя алады. Ал тіркеу жүйесі төлем ақысын автоматты түрде есептейді. Жеңілдікті санаттағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін тұрақтарды пайдалану – тегін.

Айта кетейік, демалыс және мереке күндері автотұрақтарды пайдалану тегін. Ақы тек жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін алынады.

Барлық жаңалықтар