00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада балалар арасында шахматтан турнир өтіп жатыр

31.03.2023 | 19:30
Елорда ақпарат
31

Елордада Республика күніне орай аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтуде. Оған шахмат үйірмесі жұмыс істейтін аула клубтарының 30-дан астам тәрбиеленушілері қатысып жатыр.

«InterPro», «Темірлан» аула клубтарының қатысуымен шахматтан балалар арасында турнир өтіп жатыр. Республика күні қарсаңында осындай іс-шараға бірнеше буын өкілі қатысуда. Бұл мәдени және спорттық тұрғыдан өскелең ұрпаққа үлкен өнеге. Осындай бағыттағы іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор, - деді «InterPro» клубының басшысы Тұрар Жұбанышқызы

Шахмат турнирінің міндеті – қатысушылардың  логикалық ойлау мен есте сақтауды тапқырлықты жаттықтыру.

Сондай-ақ шахмат турнирі аясында концерттік бағдарлама өткізіледі.  Ал турнир нәтижелері бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады және қатысушыларға қатысқаны үшін құрмет грамоталар беріледі.

 

Барлық жаңалықтар