00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада әйгілі Махатма Ганди мүсіні ашылды

Елордада Қазақстан және Үндістан елдері арасындағы дипломатиялық қарым- қатынастың 30 жылдығына орай Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері Махатма Гандидің мүсіні орнатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ашылу салтанатына қатысқан Үндістанның Мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи екі ел арасындағы байланыс нығайып жатқанын айтты.

Бүгінгі жиынға келген барлық қауымды құттықтаймын. Екі ел арасындағы байланыс нығайып жатыр. Махатма Гандиге арнап орнатылған ескерткіш соған дәлел бола алады.  Екі ел арасындағы достық жараса берсін,- деді Минакаши Лекхи.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев құттықтау сөзінде Үндістандағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші туралы айтып өтті.

Биыл Қазақстан және Үндістан елдері арасындағы дипломатиялық қарым- қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың мәдени және рухани байланыстардың айқын көрінісі ретінде Үндістанның Нью-Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылса, бүгін елорда төрінде Үндістан халқының көрнекті тұлғасы, саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандидің  ескерткіші қойылды. Абай атамыз бен Махатма Гандидің  ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы әлем халықтарының рухани асыл қазынасы болып қала береді,- деді Мәдениет және спорт министрінің орынбасары.

Ашылу салтанатында Махатма Ганди ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Айта кетейік, ескерткіш елордадағы Отан қорғаушылары ескерткішіне қарама-қарсы орнатылды.

Барлық жаңалықтар