00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадағы жәрмеңкеде Павлодар облысы өз өнімдерін ұсынады

31.03.2023 | 18:16
Елорда ақпарат
33

15 және 16 қазанда Павлодар облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін елордалық жәрмеңкеде ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.

Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 520 тонна өнім әкеледі: 280 тонна картоп, 60 тонна сәбіз, 40 тонна орамжапырақ, 15 тонна қызылша, 28 тонна сиыр еті, 28 тонна жылқы еті, 11 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 8,5 тонна бал, 7 тонна шұжық өнімдері және жартылай фабрикаттар, 6 тонна өсімдік майы, 3 тонна қой еті, 2 тонна құс еті және 100 мың дана жұмыртқа.

Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық өнімдерінің ішінде астаналықтар арасында ет, ет өнімдері, бал, картоп және көкөністер ерекше танымал.

Айта кету керек, ауылшаруашылық базарлары тауар өндірушілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен болады.

Жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама дайындалды.

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері әр демалыс күндері 30 қазанға дейін өтеді.

Өтетін орны: Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң.

22-23 қазанда өз өнімдерін Қарағанды және Ұлытау облыстарының кәсіпкерлері ұсынады.

Барлық жаңалықтар