00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астаналық студенттер жастар арасындағы діни экстремизм мәселесін талқылады

31.03.2023 | 18:07
Елорда ақпарат
33

Елордада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің жатақханасында «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Студенттердің діни сауатын арттыруға арналған іс-шараға Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жандәулет Сүлейменов қатысты.

Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ. Дін – қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен де таныс болуы керек,- деп атап өтті Жандәулет Сүлейменов.

Қорытындылай келе, кездесуге қатысқан студенттерге діни тұрғыда мол түсінік беріліп, ислам діні туралы және осы дінде терроризм мен экстремизм ұғымдарының жоқ екендігі, сонымен қатар, теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болу қажеттігі айтылды. Кездесу соңында аталған тақырып төңірегінде студенттер өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.

Барлық жаңалықтар