00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада 20 мыңнан астам тонна көмір қоры бар

31.03.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
54

Нұр-Сұлтанда қазіргі кезде көмір сату бойынша 14 орын бар. Онда өз қызметін 8 компания жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін «Елордадағы жылыту маусымына дайындық» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда халық үшін 20 802 тонна көлемінде көмір қоры бар. Оның ішінде негізгілері: Шұбаркөл – 2 656 тонна (тоннасына 13 800 тг); Қаражыра – 10 623 тонна (тоннасына 14 500 тг); Майкүбі – 7 523 тонна (тоннасына 12 700 тг), - деді ол.

Бағдат Байсадықоыв атап өткендей, тұрғындар көмірді қазан, қараша және желтоқсан айларында жаппай сатып ала бастайды.

Елордада жылу беру маусымы бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде көмір сатуды жүзеге асыратын 8 компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.  

Барлық жаңалықтар