00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

31.03.2023 | 17:04
Елорда ақпарат
49

Әлемдік діндер көшбасшыларының съезін өткізу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz жазуынша, елорда жолдарындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі кезеңінде құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицияның жеке құрамы 13 қыркүйектен бастап күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.

Сондай-ақ қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтың келуіне байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.



13-15 қыркүйек аралығында съезді өткізу аясында Рим Папасының келуі күтілуде. Делегация экскорт мотоциклшілермен бірге жүретіндіктен ресми қорғалатын колоннаның өту кезеңінде қозғалыс 3-5 минутқа шектеледі. Негізінен, бұл Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел және Қонаев даңғылы, - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

 

14 қыркүйек күні өтетін “мессаға” қатысушылардың еріктілерімен және алып жүрушілермен бірге жүріп-тұруы үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Сонымен қатар елордаға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Делегация экскорт мотоциклдеріне ілесіп жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.

 

Барлық жаңалықтар