00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл елордада 1 200-ге жуық велосипедші жол қозғалысы ережелерін бұзған

25.02.2023 | 12:57
Елорда ақпарат
16

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жаяу жүргіншілердің, велосипедшілер мен самокатшылардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында кешенді жұмыстар жүргізуде.   

Полиция қызметкерлері бір күннің ішінде жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және самокатшылар арасында 46 тәртіп бұзушыны анықтады. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері елордада 13 мыңнан астам жаяу жүргінші және жол қозғалысы ережелерін бұзған 1 200-ге жуық велосипедші анықталды.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген 222 жүргізуші анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1 900-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.     

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жолдың жүру бөлігін тек белгіленген жерден және бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өтуді ескертеді. Сондай-ақ, тротуарда тұру және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзбаңыз.

Барлық жаңалықтар