00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінімдер қабылдау басталды

25.02.2023 | 12:43
Елорда ақпарат
46

2022 жылы конкурс шеңберінде 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады.

Грантты тағайындаудың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. Оны алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

"Ғылым" - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;

"Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

"Бизнес" - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

"Медиа" – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12).

Электрондық нұсқаны пошта арқылы generation.kaz@gmail.com жіберу керек .

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

- жобаның сипаттамасы;

- жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес);

- шығындар сметасының жобасы;

- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).

Барлық жаңалықтар