00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бір жылда балаларға қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелген

25.02.2023 | 12:03
Елорда ақпарат
48

Іс-шараны тұрақты даму, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау және көмек көрсету «Бақытты шаңырақ» қайырымдылық қоры, сондай-ақ, елорданың ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Жыл ішінде балаларға қатысты 2088 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Бұл күніне алты бала зардап шегеді деген сөз. Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 900-ден астам қылмыс тіркелді, бұл күн сайын орта есеппен үш бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды дегенді білдіреді. 2020 жылы балалар мен жасөспірімдер 1800-ге жуық қылмыс жасаған,  – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы, Amanat партиясы жанындағы Отбасы істері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Закиева.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандар арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды бағыты –  халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу.

Қазіргі жүйе бірінші кезекте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің пайда болу себептерімен емес, оның зардаптарымен күресуге бағытталған. Статистика көрсеткендей, балалар құқықтарының бұзылуының әртүрлі формаларының 70%-ы соның ішінде зорлық-зомбылық, алкогольді тұтыну, кедейлік, ата-аналардың біреуінің болмауы сияқты факторлар бар дисфункционалды отбасыларда кездеседі. Біздің міндетіміз – дағдарыс жағдайындағы отбасыларды дер кезінде анықтап, оларға көмек көрсету жүйесін құру. Өкінішке қарай, мұндай отбасылар көбінесе олардың қандай құқықтарға ие екенін, мемлекеттің қандай қолдауына сене алатындығын, көмек алу үшін қайда бару керектігін білмейді. Бұл жерде учаскелік инспекторларға маңызды рөл беріледі, олар осы отбасылар туралы, олардың ішкі проблемалары туралы біледі және олар туралы әкімдік қызметкерлеріне уақытылы хабарлауы тиіс, – деді Динара Закиева.

Республикалық қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, үш жыл бұрын отбасы, әйелдер және балалардың құқықтары мәселелері бойынша 111 байланыс орталығы құрылған.

Осы уақыт ішінде 111 қызметіне өмірлік қиын жағдайдағы 30 мыңнан астам азамат жүгінген. Олардың барлығы тиісті көмек алды. Олардың арасында түрлі мәселелер бойынша қоңырау шалған 800-ден астам бала бар. Байланыс орталығы барлық өңірлермен, әкімдіктермен, басқармалармен, министрліктермен жұмыс істейді,– дейді ол.

 

Барлық жаңалықтар