00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды

25.02.2023 | 11:57
Айман Нығмет
22

Жарыста Қазақстан атынан 15 спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында Дарын Қонысбаев та бар. Ол U23 категориясындағы жүлдегерлер арасында екінші орын алды. Дарын Қонысбаев гонконгтік Оскар Коггинсті басып озды. Коггинс жарыстың басында-ақ жылдамдықты арттырып, соңында үш кезеңді 1 сағат 51 минут14 секундта аяқтады. Үшінші болып қытайлық Цин Чен келді.

Әйелдер арасындағы U23 категориясында жарыс жеңімпаздары қатарында Жапония мен Қытай өкілдері болды. Бірінші орынды 2:10:26 уақытымен жапониялық Изуми Икегучи алды. Қытай командасының өкілдері Вен Вей мен Синьи Лин «күміс» және «қола» жүлделерді алды.

U19 жарыстарында жапониялық спортшылар Мако Зиразуми мен Манами Хияши екінші орын алды. «Қола» жүлдені Гонконг командасының спортшысы Шарлотта Холл алды. Ерлер арасында жеңісті жапониялық Аму Омуро мен Такуто Осима алды. Олар 1 мен 2-ші орындарды бөлісті. Жүлдегерлердің арасында қазақстандық атлет Егор Крупняков та бар.

Айта кетейік, жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында Жапония, Қытай, Корея, Қырғызстан сияқты елдер мен Гонконг бар.

Барлық жаңалықтар