00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада көше және ұлттық ойындар турнирі басталды

«Ұрпақтар үні» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара 20-ға жуық спорт түрі мен шеберлік сабақтарын қамтиды. Қала тұрғындары мен жастары кіші футбол, садақ ату, streetboll,  велошеру, шаңғы роллер, скандинавиялық жаяу жүру, ескек есу, street workout, бес асық, асық, ләңгі, арқан тарту, қол күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, freestyle football, гір тасын көтеру бойынша сайысқа түседі.

Қала тұрғыны Нұрлан Ескендіров сұрмерген сайысына бірінші рет қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Мен Елордада 20 жылға жуық тұрамын. Біз көпбалалы отбасымыз. Осы сайысқа қатысуға өзіміз ұсыныс білдірдік. Өте қызық жарыс болып жатыр,-дейді қала тұрғыны.

Сұрмерген сайысына 20-ға жуық отбасы мүшелері қатысып жатыр. Әр отбасыға жиырма оқтан беріледі. Нағыз мергендерге арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Айта кетейік, күні бойы өтетін турнирге шамамен 700-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар