00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Марат Ахметжанов елордалық учаскелік полиция пунктінде болды

25.02.2023 | 10:15
Елорда ақпарат
11

Жаңа үлгіде салынған пунктте жұмыс істеу және азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Ведомство басшысы нысанның материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты.

Мұнда тоғыз учаскелік полиция инспекторы қызмет етеді. Олар өздеріне қарасты аумақтағы 32 мыңнан аса тұрғынның тыныштығы мен қауіпсіздігіне жауапты.

Министр халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерден отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты келетін шағымдар туралы сұрады. Заңға қатысты сауалдар қойып, ортақ базада тиімді жұмыс жасау жолын тексерді. Сондай-ақ бейнетіркеу камераларының сапасына мән берді.

Қағаздар азайды, базада жұмыс істейміз. Әкімшілік хаттамаларды планшеттің көмегімен электронды форматта толтырамыз, – деді учаскелік полиция инспекторы Еділ Қуатов.

Марат Ахметжанов қызметкерлердің жұмысымен танысып қана қоймай, сол аумақтағы криминогендік жағдайды білу үшін тұрғындарды сөзге тартты.

Біздің аулада үйлер көп. Сондықтан мұнда тәртіп болғанын қалаймыз. Учаскелік пункт жақын жерде орналасқан, ыңғайлы. Әр үйде учаскелік инспектордың нөмірі көрсетілген. Егер кенеттен бірдеңе бола қалса, қоңырау шалып, жүгінуге болады, – деді жергілікті тұрғын Надия Рыспаева.

Барлық жаңалықтар