00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

25.02.2023 | 07:05
Елорда ақпарат
14

Әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Кездесу барысында әлеуметтік нысандардың құрылысы, үлестік құрылыстың қалған нысандарын аяқтау, абаттандыру, ТКШ, жол-инфрақұрылымын дамыту және өзге де негізгі мәселелер қозғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй, білім беру және медициналық орталықтар құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Биыл тағы 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз, сол сияқты 100-ден астам көшені жөндеп, саламыз. Қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін қаланың барлық төрт ауданында жергілікті тұрғындармен кездестік. Бұдан өзге жүйелі мәселелерді дамыту және шешу ісін қала тұрғындарымен тиісті орындарда талқылайтын боламыз. Келіп түскен сұрақтарды шешу мәселесін қолға алдық әрі оны іске асыру жоспарын дайындадық. Кездесулер бұрынғыдай, тұрақты түрде өтетін болады, - деп жазды қала әкімі.

Барлық жаңалықтар