00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды

25.02.2023 | 07:01
Елорда ақпарат
33

Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.

Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.

Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 9.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.

Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.

Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылатын жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар