00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

25.02.2023 | 03:09
Елорда ақпарат
12

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өзінің Telegram каналында елордадан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жариялады.

Бүгін мына жолдар жабылды:

- «Екатеринбор - Алматы» жолының Нұр-Сұлтан мен Атбасар аралығы;

- «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» жолының учаскесі;

- «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» автожолы аралығы;

- «Екатеринбор - Алматы» жолының елорда мен Жібек жолы елді мекені аралығы.

Бұдан бұрын қаладан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылған болатын.

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды.

Барлық жаңалықтар