00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық медицина қызметкерлері COVID-19-бен қалай күресіп жатыр

25.02.2023 | 01:30
Елорда ақпарат
23

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдегендей, өткен жылы індеттің шарықтау кезеңінде 4 мыңнан астам төсек-орны бар 16 инфекциялық стационар жұмылдырылған.

Максималды жүктеме 2 712 пациентті немесе 69 пайызды құрады, тәулік бойы максималды жүктеме – 358 адам. 100 мыңға жуық адам амбулаториялық бақылауда болды. Індеттің өршіген шағында тәулік ішінде 14 500-ге жуық тұрғын бақылауымызда болды. Амбулаториялық жағдайда емделушілерге 241 мобильді бригада медициналық көмек көрсетті, - мәлімдеді Т.Мұратов.

Пфайзермен вакцинацияны есептемегенде бүгінде қала бойынша екпенің 1 және 2 компонентімен 955 мың адам қамтылды.

 15 қарашадан бастап Пфайзер препаратымен балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау кезінен бері 1 компонентті 18 мыңнан астам адам алды, 2 компонентті 15 743 адам алды. 2021 жылғы 22 қарашадан бастап ревакцинация басталдып, оның шеңберінде 89 мыңнан астам тұрғын екпе алды,- деп қосты ол.

Мұратов елорда тұрғындары қазір денсаулығына күтіммен қарай бастағанын және вакцинацияға көзқарасын оң көз қарасты болғанын атап өтті.

Бүгінде тұрғындардың вакцинациясы мен ревакцинациясы үшін екпе пункттері 26 бастапқы буын ұйымдарында, сауда кешендерінде («Абу Даби плаза», «Керуен», «Азия парк») және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында орналасқан.

Барлық жаңалықтар