00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Кез келген вакцина ағзаға көмектесуге арналған – Тимур Мұратов

25.02.2023 | 01:23
Елорда ақпарат
37

Кез келген вакцина иммунитетті құрту үшін емес, ағзаға көмектесуге арналған. Адам баласы туғаннан бастап түрлі инфекцияларға ұшырайды. Олармен ұшырасқанда ағзаға қандай да бір салмақ түседі. Адамның қанына бактерия немесе вирус енгенде солармен күресу үшін ағзада иммун жасушалары ауруға қарсы антидене бөліп шығарады. Сол ауру қайталап келгенде вирусты «ұстап алып», әрі қарай асқындыр­май жояды. Вакцина басқаратын аурулардың бірі – қызылшаға қарсы екпені бала кезде салады, ол 7-8 жылға дейін иммунитетті көтеріп тұрады. Болашақта ковидке қарсы екпелер де солай болуы мүмкін. Ревакцинациядан бәрі өткені жөн. Елімізде жалғыз векторлы вакцина – «Спутникті» алғандар 9 ай өткен соң қайта салдыра берсе болады. Ал инактивті вакциналардан соң 6 ай өткеннен кейін векторлы екпе алған жөн. Мен өзім де отандық екпе алып, ревакцинациядан өттім, – деді Т. Мұратов.

Барлық жаңалықтар