00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Реанимациядағы науқастардың 90 пайызы вакцинация алмаған – Тимур Мұратов

24.02.2023 | 23:52
Елорда ақпарат
20

Мамандардың айтуынша, реанимациялық төсек-орындарда өмір үшін күресте жатқандар көбінесе үйде өзін-өзі емдеумен айналысқан немесе жеке клиникалардан дәрігерлердің нұсқауы бойынша антибиотиктер қабылдаған тұрғындар екен.

Біз пациентер арасында олардың сырқаттанғандары қалай белгілі болды, ауруханаға дейін жағдайлары қандай еді дегенге сауалнама жүргізіп, талдау жасадық. Көбі тіпті ПТР тестілеуден өтпегендерін мойындайды, симптомдары бар екенін түсініп, өздерінің таныс дәрігерлеріне жүгінген екен, олардан ем бойынша көмек сұраған. Міне, осындай әрекет денсаулықтары үшін қауіпті болып шықты, өйткені коронавирусты олай емдеуге болмайды! Өкінішке қарай, жеке клиникаларда жұмыс істейтін әріптестерімнің ұсыныс ретінде берген салдарымен күресіп жатырмыз, - дейді басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Басқарма басшысының айтуынша, жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері хаттамаға сәйкес коронавирусты емдеу нұсқаулары бойынша оқытылмаған.

Бұл дәрігерлер COVID-19 инфекциясын емдеу мәселесіне толық жауапты емес екенін білу керек. Біз болсақ, дәрігерлерімізді осы бағытта оқыттық, біліктіліктерін арттыруды жалғастырып келеміз. Жеке клиникаларда сіздерге емдеу үшін дереу күшті антибиотиктерді, кейбір гормоналды препараттарды ұсынады. Бұл дұрыс емес! Стационарларда бізде ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттер саны азайғанымен, өте ауыр жағдайдағы пациенттердің азаюы байқалмайды. Реанимациядағы науқастардың 90%-ы өзін-өзі емдеумен айналысқан және вакцинация алмаған, - деді Т. Мұратов.

Дәрігерлер тағы да қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияны емдеу үшін арнайы оқытылмаған мамандардың көмегіне жүгінбеуге шақырады. Сондай-ақ, ақ халаттылар вакцина алудың маңыздылығын еске салады.

Барлық жаңалықтар