00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай веломарафон өтеді

24.02.2023 | 23:50
Елорда ақпарат
43

Рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының («Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық») Нұр-Сұлтан қаласындағы ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркейді және рекордты сәтті аяқтағаны үшін арнайы сертификат беретін болады. 

Веложарыс 10 ақпан – бейсенбі күні таңғы сағат 8.00-де Нұр-Сұлтандағы Триатлон паркте басталады. Бастапқы нүктенің нақты мекен жайы: Қадырғали Жалаири көшесі, 35/2 үй – https://go.2gis.com/67zxm.

Веложарыс-solo (жалғыз), яғни велошеруге тек бір адам қатысады. Ол – әуесқой велосипедші Ернат Қашқынов. Ағылшын тілінің оқытушысы, қазақ-ағылшын тіліндегі сөздіктің авторы, аудармашы. «Хабар 24» телеарнасының тілшісі, халықаралық журналист.

Бұған дейін Ернат Мэлсұлы ұлттық деңгейдегі бірнеше веломарафон ұйымдастырған. Атап айтар болсақ, 2018 жылы астананың 30 жылдығына және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының 90 жылдығына арналған «Астана-Ақтоғай» 500 шақырымдық веложарысына, 2019 жылы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған «Қарағанды-Жаңаарқа» 208 шақырымдық веложарысына; 2020 жылы Абайдың 175 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан-Жидебай» 1088 шақырымдық веложарысына; Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин музейінің 30 жылдығына арналған 750 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Қостанай» секілді көптеген велошеруге бастамашы болып, оған өзі де қатысқан.

Велошеру кезінде Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген футболкалар, жалаулар мен транспаранттар, ЮНЕСКО және Қазақстан рекорды туралы ақпарат пайдаланылатын болады.

Бір шеңбердің ұзындығы 3 км 150 шақырымдық веложарыс өткізу үшін Триатлон паркте 50 айналым жүру жоспарланып отыр. Ал бір сағат ішінде мен кем дегенде 15 шақырым жүремін. Қашықтықты аяқтау үшін кем дегенде 12 сағат қажет болады, - дейді велошеруші.

Ернат Қашқыновтың айтуынша, веложарыстың нәтижелерін (қашықтық, уақыт және басқа ақпарат) Samsung Health мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Веломарафонның мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолын тану, ұғыну, ілгерілету және дәріптеу, бай мұрасы мен еңбектерін дәріптеу, сондай-ақ саламатты және белсенді өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және велосипед мәдениетін қалыптастыру, оршаған ортаны аялауға және «жасыл экономиканы» қолдауға шақыру.

Менің негізгі мақсатым - елордадан ЮНЕСКО орналасқан Парижге дейін велосипедпен жүріп өту, - дейді Ернат Қашқынов. 

Барлық жаңалықтар