00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ІKOMEK коронавируспен күресте қалай көмектеседі

24.02.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
37

Денсаулық сақтау саласына қатысты 72 мыңға жуық өтініштің 1,5 мыңы – ұсыныс, 200-ден астамы – алғыс. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультациялардың 97,5% бірінші қоңырау арқылы шешіледі. Астаналықтарды вакцинация және ревакцинация мәселелері ерекше қызықтырғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының штатында әр ауысымда медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді, олардың міндетіне тұрғындарға балалардың, сондай-ақ ересектердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультация беру кіреді. Консультант-дәрігер 24/7 режимде жұмыс істейді, шұғыл емес сипаттағы барлық сұрақтар, сондай-ақ КВИ симптомдары бойынша консультация бере алады. Мұнан басқа, операторлар емхана дәрігерінің қабылдауына жазады, дәрігерді үйге шақыруға өтініш қабылдайды, шағымдар мен ұсыныстарды, алғыстарды тіркейді. Бір сөзбен, тұрғындар шұғыл көмек көрсетуді талап етпейтін түрлі ауруларға тап болғанда, тұрғындарға барынша көмектесуге тырысады.

2022 жылдың қаңтарында елорда тұрғындары мен қонақтарын ең көп алаңдататын сұрақтар: емханаға тіркелу, КВИ-дің алғашқы симптомдары байқалса, қайда жүгіну қажет, тұрғылықты орны бойынша қайда тіркеледі, КВИ-ге ұқсас ауру белгілері болған жағдайда мобильді бригаданы шақыру нөмірлері және т.б. Сонымен қатар әлем елдері мен Қазақстан астанасының тұрғындарын COVID-19-дың «омикрон» нұсқасының таралуы алаңдатып отыр.

COVID-19-дың жаңа «омикрон» нұсқасы ДДСҰ-ның алаңдаушылығын тудырып отыр, себебі оның әсеріне ықпал етуге қабілетті бірнеше мутациясының бары дәлелденді. Қазіргі таңда «омикрон» туралы дерек аз, сондықтан оның таралуын, ауырлығын және қайта жұқтыру қаупін бағалау бойынша елеулі зерттеулер жүргізілуде.

Қазір iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына коронавирустың жаңа штамы бойынша ең жиі қойылатын сұрақтар:

КВИ белгілері болса, қайда жүгінуге болады?

- Емханаларда Call-орталықтар жұмыс істейді, олар арқылы емделушілер инфекцияның симптомдары мен белгілері болған кезде аумақтық тіркеу бойынша, сондай-ақ КВИ-дің қалған барлық сұрақтары жөнінде медициналық ұйымға жүгіне алады. Байланыс деректері Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында, пайдалы сілтемелер бөлімінде көрсетілген, сонымен қатар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, сол сияқты instagram, facebook әлеуметтік желілеріндегі ikomek109 парақшаларын қадағалау арқылы білуге болады.

Мобильді бригаданы қалай шақыруға болады?

- Емханаларда Call-орталықтар жұмыс істейді, олар арқылы емделушілер үйіне мобильді бригада шақыра алады. Сондай-ақ 109 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

“Омикрон” штамының белгілері қалай дамиды?

“Омикрон” әдеттегі ЖРВИ сияқты өтеді. Ауыру жалпы күйдің нашарлауынан, бас және бұлшықет ауруларынан, шаршаңқылықтан басталып, әрі қарай бірден мұрын бітеліп, тамақ ауырып, қырып ауырады.

Алғашқылардың бірі болып, бас екі жақтан солқылдап және қысып ауырады және дәрінің күші жетпейді.

Ауырғандардың 60%-ының мұрны бітеліп, тұмауратады, ал COVID-19-дың алғашқы нұсқаларына тән дәм сезудің жоғалуы жұқтырғандардың үштен бірінде ғана кездеседі.

Аурудың алғашқы белгілерінен бастап, толықтай дамығанша бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін уақыт өтуі мүмкін.

Ауыр өту жағдайында бесінші күні емделушінің халі нашарлап, демігу, ауа жетпеу пайда болады, әлсіздік артады, қайтадан дене температурасы көтеріліп, спецификалық вирустық пневмония дамиды.

Алайда коронавирустың жаңа нұсқасынан өкпесі қабынған емделушілер қарқынды ем мен оксигенотерапияны аса қажет етпейді. Алғашқы үш толқыны кезінде ауруханаға жатқызылғандардың 80%-ға жуығы оттегіні қажет етті. ОАР-дағы аурудың ағымдағы толқыны оттегіні емделушілердің тек 10% ғана қажет ететінін көрсетеді.

Науқастардың көпшілігінде коронавирустың жаңа штамы жеңіл түрде өтіп жатқанына қарамастан, оның салдары қаншалықты ауыр екенін әзірге ешкім білмейді, сондықтан оған әдеттегі инфекция сияқты қарауға болмайды. Осы себепті ауырудың басталғанын назардан тыс қалдырмаған жөн.

“Омикрон” коронавирустың басқа нұсқаларынан несімен ерекшеленеді?

“Омикронның” ерекшелігі – вирустың жұққыштығы 3 есе артық.

Инкубациялық кезең қанша уақыт алады?

КВИ-ді жұқтыру көрсеткіштерінің артуына байланысты iKOMEK109 бірыңғай байланыс операторларына түсетін салмақ артуда. Біздің басты міндетіміз – осы бір күрделі кезеңде қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың өзгерістері туралы тұрғындарды уақытылы хабардар ету, сондықтан барлық жиі қойылатын сұрақтар instagram, facebook әлеуметтік желілеріндегі ikomek109 парақшасының стористерінде және Telegram-арнада жарияланады, - деді iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Барлық жаңалықтар