00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды

24.02.2023 | 19:32
Елорда ақпарат
36

Аталмыш шараға Саяси кеңес мүшелері, партия мүшелері, депутаттар, қоғамдық кеңес төрағалары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.

Кездесуге келгендер Елбасы ұсынған қағидаттар жиынтығының маңыздылығын талқылап, әр бағытына жеке-жеке тоқталды.

Жиынды алғысөзбен Сақтаған Кәкімбекұлы ашты және әр тұғырды таныстыра келе, өз сөзін «Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты отырыс барысында айтқан қағидаттары жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болуы тиіс» деп қорытындылады.

Сондай-ақ, жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің директоры Ләззат Разбекова-Төлеуханова, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының төрағасы Бақдәулет Жанділдаев сөз алып, «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Барлық жаңалықтар