00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада экологиялық театрдың жаңа маусымы ашылды

24.02.2023 | 18:10
Елорда ақпарат
15

«Эко-театрды» құру үшін ұлттық дельфий комитетінің командасынан кәсіби мамандар шақыртылған. Орыс драма театрының қоюшы режисерлері «Гринейктер хикаясы» ертегісінің желісімен жаңа маусымға арнайы қойылым әзірледі. Жас ұрпаққа экологиялық сана қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғау мен қалдық тастау мәдениетін насихаттауға бағытталған «Эко-театр» ұжымында 8 актер, 2 қоюшы режисер жұмыс істейді. Театрдың ерекшелігі – спектакльде ойнайтын актерлер тек оқушылардан тұрады. Шығармашылық ұжым мектеп оқушыларына эко-мәдениетті өнер арқылы түсіндіруді мақсат етіп отыр.

Бір қызығы, спектакль көрермендері театрға кіру билетін қаптама қалдығын (макулатура, пластик және полиэтилен пакеттер) өткізіп сатып алады.

Сонымен қатар театр жанында инклюзивті білім беруді дамыту арналған «Эко-шеберхана» әлеуметтік жобасы жұмыс істейді. Мұнда келуші балаларға қоршаған ортаны қорғау, қалдықты кәдеге жарату, эко-мәдениетті қолөнер негізінде нақты көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда шығармашылық арқылы эко-сананы қалыптастыру насихатталады.

ӨКМ Операторының бастамасымен құрылған Қазақстандағы ең алғашқы «Эко-театр» жобасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Жас Ұлан» РҚБ, «Адал ниет» қорының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Айта кету керек, «ӨКМ Операторының» экологиялық білім беруді дамыту бағытындағы жобасына елорда мектептері мен балабақшаларынан бөлек, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Петропавл қалаларының білім беру мекемелері қатысып отыр. ӨКМ Операторының «ЭкоАсар – игі істер марафоны» жобасына аталған аймақтың оқушылары белсенді атсалысуда.

Барлық жаңалықтар