00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда әмиян жымқырған ұры ұсталды

24.02.2023 | 18:04
Елорда ақпарат
31

Полицияға елордадағы супермаркеттің иесінен Жеңіс даңғылында орналасқан «Small» супермаркетінен белгісіз азаматтың әмиянды жымқырып кеткені жөнінде арыз түскен. 

“Анықталғанындай, күдікті сөренің айналасында сатушының жоқтығын пайдаланып, 10 дана әмиянды оңай ұрлап кетеді. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрауда. Қылмыс орын алған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған және сол арқылы жедел уәкілдер жан-жаққа жедел бағыттап, күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады”, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған әмияндарды бейтаныс адамдарға сатқанын айтты. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Барлық жаңалықтар